Азия чемпионаты: жеңіл атлеттеріміз бір алтын, бір күміс медаль еншіледі
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
13.07.2023 18:35
854
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы биіктікке секіруден (әйелдер арасында) Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлестеріміздің арасынан Кристина Овчинникова жеңімпаз атанды. Ол 186 сантиметрді бағындырды. Тағы бір қазақстандық Елизавета Матвеева күміс медаль еншіледі. Оның да үздік көрсеткіші 186 сантиметр, бірақ бұл нәтижеге жету үшін ол көбірек мүмкіндік жұмсады. Үшінші орынға өзбекстандық Светлана Радзивил жайғасты – 183 сантиметр.
Оқи отырыңыз:
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
- Көлігін заңдастырып үлгермеген жүргізушілерге қандай шара қолданылады?
Осылайша, Қазақстан командасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Шедрак Коеч Кимутай (10000 метр) екінші болды.
Азия біріншілігі Бангкокта (Таиланд) өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды