Жаңалықтар

Азия чемпионаты: Төрт қазақ дзюдошысы жұбаныш белдесуінде күреседі

Азия чемпионаты: Төрт қазақ дзюдошысы жұбаныш белдесуінде күреседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 27.04.2025 11:08 202

Дзюдодан Азия чемпионатының үшінші күнінде төрт қазақ спортшы жұбаныш белдесуінде күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.

Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз ширек финалдық кезеңде қарсыластарына есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне жолдама алды.

Атап айтар болсақ, 90 келіге дейінгі салмақта Мейірлан Максим жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы жапондық Комей Кавабатадан Golden Score-да жеңіліп қалды. Ал Ермахан Әнуарбеков тәжік спортшысы Умеджон Ражабовпен белдесуде есе жіберді. 

+78 кг салмақта Назгүл Маратова қытайлық Ниу Синраньмен өткен кездесуде соңғы секундтарда жеңіліп, жұбаныш белдесуіне өтті. Ақерке Рамазанова да ширек финалда оңтүстіккореялық Хёнджи Лиден ұтылып, енді жұбаныш белдесуде күреседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға