Азия чемпионаты: қазақстандық семсерлесушілер үздік үштікке енді

Фото: Қазақстан семсерлесу федерациясы
Фото: Қазақстан семсерлесу федерациясы
24.02.2025 12:40
824
Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден командалық жарыста үшінші орынға ие болды.
Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетуде.
Жарыс барысында қазақстандықтар Үндістан құрамасын 45:33, Сингапур командасын 45:34 есебімен жеңді. Алайда, жартылай финалда Өзбекстанға 31:45 есебімен жол берді. Осылайша отандастарымыз кадеттер арасында қола медальға ие болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жұмыртқаны импорттауға қайтадан тыйым салынбақ
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды