Жаңалықтар

Азия чемпионаты: қазақстандық семсерлесуші үздік үштікке енді

Азия чемпионаты: қазақстандық семсерлесуші үздік үштікке енді
Фото: ҚР ҰОК 22.02.2025 21:48 137

Қайым Айбар семсерлесуден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды. Алғашқы күннен-ақ қазақстандық спортшы Қайым Айбар кадеттер арасындағы саблямен семсерлесуден қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық спортшы Ли Санға жол берді. Осылайша Қайым Айбар қола медальға ие болды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының аталмыш турнирдегі алғашқы медалі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға