Азия чемпионаты: Айша Омарова ел қоржынына қола медаль салды
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
15.10.2022 06:14
1013
Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айша Омарова ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды El.kz.
Спортшы байрақты бәсекеде 81 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Қоссайыс нәтижесінде Омарова 217 (93+124) келіні бағындырды.
Құрлықтың маңызды турнирінде бірінші орынды Сейедехелхам Хоссейни (Иран) жеңіп алды. Ол 227 (102+125) келіні көтерді. Күміс медальға Мотока Накажима (Жапония) қол жеткізді. Оның 223 (100+123) келіні бағындырғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай ел қоржынына "алтын" салған еді. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында екінші орынды қанағат тұтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КХДР Жапон теңізіне зымыран ұшырды