Әзірбайжанның әлемге танымал балуаны спорттық мансабын аяқтады
Есімі спорт жанкүйерлеріне етене таныс Мария Стадник ресми түрде спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірбайжан ұлттық құрамасының ұзақ жылдар бойы көшбасшысы болған Мария Стадник спортпен қош айтысты. Желтоқсан айында 36 жасқа толған этникалық украин балуаны 17 жыл бойы Азербайжан атынан халықаралық жарыстарға қатысып, елінің ең үздік балуандарының біріне айналды.
Стадник – Әзірбайжан тарихында бес Олимпиадаға қатысқан жалғыз спортшы. Сондай-ақ төрт Олимпиадалық медаль иеленген жалғыз балуан.
Оның спорттық жетістіктері ретінде Олимпиада ойындарының екі күміс және екі қола жүлдесін ерекше атауға болады. Сондай-ақ, әлемнің екі дүркін чемпионы, 3 рет күміс, екі рет қола жүлдегері. Бұдан бөлек, ол Еуропа чемпионатында 10 мәрте топ жарған.
Еуропа ойындары мен Ислам ойындарында екі реттен чемпион атанды.
Әзірбайжан күрес федерациясы Мария Стадникке ел спортына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оның жеңістері көптеген жас спортшыларға үлгі-өнеге болғанын ерекше атап өткен.