Жаңалықтар

«Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды

«Әзілі шектен шықты». Қазақ тілін келеке еткен Черчесовке шара қолданылды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 16.10.2024 18:16 782

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барменқұловтың сөзінше, баспасөз конференциясында қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келек еткен бас бапкерге айыппұл салынғанын алға тартты.

Қателіктер бар, біз бұл туралы тілшілермен де сөйлестік. Черчесовтің әзілі шектен шықты. Өз басым онымен сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызы туралы түсіндірдім. Онымен әңгімелесу жүргізілді. Оған айыппұл салынды, - деді Барменқұлов.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы видео тарады. Туризм және спорт министрлігі бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат та жолдаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға