Азиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
17.08.2023 15:08
1050
Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ту ұстайтын атлеттер анықталды. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олар – бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая.
Айта кетейік, Асланбек 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Ал Надежда 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол – жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алаяқтар қазақстандықтардың шотынан 104 млн теңгені жымқырған