Азиада: қазақстандық хоккейшілер Тайбэй қақпасына 17 гол соқты
![Азиада: қазақстандық хоккейшілер Тайбэй қақпасына 17 гол соқты Азиада: қазақстандық хоккейшілер Тайбэй қақпасына 17 гол соқты](/storage/storage/element/2025/02/07/mainphoto/141477/1200xauto_365uYt2O0Da7F30UIFvAVWHzEYGYRT89y1AH1X5z.jpg)
Фото: ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов
Фото: ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов
07.02.2025 09:03
110
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтуде.
Ұлттық құрама кезекті жеңісіне қол жеткізіп, Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты.
Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.
Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастыруда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Түркия туризмнен 61 млрд доллар табыс тапты
Келесі жаңалық
Медициналық кітапшаны онлайн алуға болады