Азиада: қазақстандық биатлоншы қыздар қола жүлдегер атанды
![Азиада: қазақстандық биатлоншы қыздар қола жүлдегер атанды Азиада: қазақстандық биатлоншы қыздар қола жүлдегер атанды](/storage/storage/element/2025/02/13/mainphoto/142244/1200xauto_Pbai1zLhEgDTPKAJbBvnKk6HQsrsJi4od70YunxY.jpg)
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
13.02.2025 08:34
110
Азиадада биатлоннан Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетада үздік үштікте, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті.
Жарыс жолына шыққан Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая төрттігі Қытай (алтын) мен Оңтүстік Корея спортшыларынан қалып кетті.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
«Сүйінші»: Кәмшат Жолдыбаева ана атанды