Жаңалықтар

Азиада: Қазақстан қоржынында әзірге 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар

Азиада: Қазақстан қоржынында әзірге 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар
Фото: Туризм және спорт министрлігі 12.02.2025 00:17 151

11 ақпандағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы синхронды секіруде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жұбы қола жүлдеге ие болды.

Биатлон: Ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев топ жарса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар ерлер сайысында Әсет Дүйсенов мәре сызығын 6-шы, Александр Мухин 7-ші болып кесті.

Әйелдер бәсекесінде Арина Крюкова 4-ші, Ольга Полторанина 5-ші, Дарья Климина 7-ші және Полина Егорова 13-орынға табан тіреді.

Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 1000 метрге жарыста Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, Никита Важенин 16-орынға ие болды.

Әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 7-ші, Дарья Важенина 10-шы, Кристина Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы нәтиже көрсетті.

Ерлер және әйелдер арасында командалық өкшелеп қуу жарысында Қазақстан құрамасы 4-орын алды.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Филиппин спортшыларын 5:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Қатар құрамасынан 11:2 нәтижесімен басым түсті.

Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 2:12.

Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсіп (24:0), жартылай финалға шықты.

Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров 76.75 ұпай жинап, 4-орынға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпаймен 8-орында тұр.

Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гауһар Наурызова 5-орынға ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға