Жаңалықтар

Азиада ойындары: 5 ақпандағы жарыс нәтижесі белгілі болды

Азиада ойындары: 5 ақпандағы жарыс нәтижесі белгілі болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 05.02.2025 22:35 96

ІХ Қысқы Азия ойындарының 5 ақпандағы жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кёрлинг: 

Бүгін Керлингтен аралас жұптық бәсекеден жерлестеріміз топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларын еншіледі. Катар 4:7 Қазақстан. Бұл — қазақстандық спортшылардың турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін олар Оңтүстік Корея мен Қытай командаларына жол берген еді.

Шайбалы хоккей (ерлер): 

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан XI қысқы Азия ойындарындағы кезекті матчта Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарсыластарын 6:1 есебімен ұтты.

Қазақстан 6:1 Қытай.

Айта кетсек, XI қысқы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр. Ертең, 6 ақпанда біздің спортшыларымыз кёрлинг және шайбалы хоккейден бақ сынайды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға