Азиада. Бүгін Қазақстан құрамасының екі боксшысы жекпе-жекке шығады

Фото: © Olympic.kz
Фото: © Olympic.kz
03.10.2023 07:25
4496
Бүгін, 3 қазанда Қазақстанның екі боксшысы Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шығу үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақпараттың мәліметінше, Асланбек Шымбергенов күндізгі сессияда өнер көрсетеді. Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда жапондық Севон Окадзавамен жұдырықтасады. Жекпе-жек Астана уақытымен 14:15-те басталады.
Ал кешкі сессияда Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады. Ол 92 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жегін үндістандық Нарендермен өткізеді. Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды