Азиада. Әйелдер құрамасынан төртінші боксшы жеңіліс тапты

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
30.09.2023 19:49
846
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Валентина Хальзова жарысты аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 75 келіге дейін салмақта қытайлық Ли Киянмен кездескен. Төрешілер шаршы алаң иесінің қолын көтерді. Осылайша, әйелдер құрамасынан төртінші боксшымыз жарысты аяқтады.
Бұған дейін Римма Волосенко, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова жеңіліс тапқан еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кем дегенде қола медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
«Талибан» британиялық қарт ерлі-зайыптыны қамауға алды