Жаңалықтар

Азиада. Асланбек Шымбергенов ширек финалға өтті

Азиада. Асланбек Шымбергенов ширек финалға өтті
Фото: Тұрар Қазанғапов 28.09.2023 22:31 620

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан 71 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Асланбек ринг қожайыны, қытайлық боксшыны 4:0 есебімен жеңді. 

Сөйтіп, отандасымыз ширек финалға өтті. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Хасонбой Дусматовқа есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға