Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді
![Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді Азиада-2023: Семсерлесуден ерлер құрамасы күміс медаль иеленді](/storage/storage/element/2023/09/29/mainphoto/70441/1200xauto_t4wdHH8AiTkpLWc7uMf8wRRtpBlIJPlv8J5QEGFM.jpg)
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
29.09.2023 19:00
633
Семсерлесуден сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан ұтылды. Қорытынды есеп – 36:35.
Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше еліміздің спортшылары командалық жарыста қола жүлдеге ие болған еді.
Кеше семсерлесуші Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші орынға табан тіреді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Адам өліміне қатысты қылмыс жасағандар қанша жылға сотталады?
Келесі жаңалық
Көкшетауда суға батқан әйелді құтқарушылар аман алып қалды