Жаңалықтар

Әжетханадағы қыздар төбелесі: ШҚО прокуратурасы істі сотқа жіберді

Әжетханадағы қыздар төбелесі: ШҚО прокуратурасы істі сотқа жіберді
Фото: © Polisia.kz 31.05.2023 15:15 1513

Шығыс Қазақстан облысында әжетханада студент қызды соққыға жыққан оқушыға қатысты қылмыстық іс аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың хабарлауынша, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар. Тәртіп сақшылары тергеу барысында олардың барлығынан жауап алды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталды. Прокуратура тергеудің барлық материалдарын зерделеп шықты. Іс сотқа жолданды, - делінген ақпаратта.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соттың алғашқы отырысы 5 мамыр күні өтеді.

Еске салсақ, сәуір айының басында оқушы қыздың колледж студентін соққыға жығып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Белгілі болғандай, бұл оқиға наурыз айында Өскемендегі «АДК» сауда орталығының әжетханасында болған.

Көп ұзамай желіде күдікті қыздың әкесі Антикорда жұмыс істейтіні туралы ақпарат тарады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов оқиғаға қатысқан адамдардың Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық байланысы жоқтығын хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға