Әжетханадағы оқушы өлімі: Мектеп директоры қызметінен кетті
Фото: t.me/orda_kz
Фото: t.me/orda_kz
03.05.2024 15:15
1628
Әжетханада оқушы қайтыс болған Жамбыл облысына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал күдікті үй қамаққа жіберілген.
Еске салайық, қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Әжетханада қайтыс болған оқушыны алғашында мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады – ҚМДБ