«Әже боп ояндым». Роза Әлқожа сүйінші жаңалығын жеткізді
Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа әже атанды, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әлқожаның тұңғыш немересі дүниеге келген.
Қайырлы күн! Әже боп ояндым, шүкір! №3 перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс! - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншіні оқырманы да жарыса құттықтап жатыр.
«Бауы берік болсын», «Роза ханым, немереңіздің өмір жасы ұзақ болсын!», «Құтты болсын! Сәбидің бауы берік болсын! Бақытты ғұмыр тілеймін! Бізге де жұғысты болсын», «Күшті жаңалық екен, немере құтты болсын», - деп жазды олар.
Еске салайық, Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыстың үйлену тойы 2023 жылы 15 қарашада Алматыдағы зәулім мейрамханалардың бірінде өткен еді. Қалыңдықтың есімі - Әсем.