Жаңалықтар

Ажар Ғиният Маңғыстау облысында халықпен кездесу өткізді

Денсаулық сақтау министрлігі  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»  пилоттық жобасын әзірледі
Ажар Ғиният Маңғыстау облысында халықпен кездесу өткізді
Фото: gov.kz 10.12.2022 15:25 1204

Бүгін медициналық объектілерді аралағаннан кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысында халықпен кездесу өткізді, оған 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»  пилоттық жобасын әзірледі.

Қазіргі уақытта өңір ауылдарында 57 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді, бұл объектілердің тозуы 49% құрайды.

Маңғыстау облысында ауылда 3 МСАК объектісін: Маңғыстау ауданында бір дәрігерлік амбулатория, Бейнеу ауданында медициналық пункт және Қарақия ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған. Сондай-ақ, республика бойынша пилоттық жобаның шеңберінде 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы, оның ішінде Бейнеу ауданында бір аурухананы ашу және қайта жаңарту жоспарлануда.

Министр соңғы екі жылда медициналық көмектің көлемін ұлғайтуға қол жеткізілгенін, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық қызметтердің  саны 1,5 есеге ұлғайғанын, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жұмсайтын жеке шығыстарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында өңір тұрғындары Министрге медициналық көмектің және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігіне, операцияға жолдама алуға, ауруы бойынша мүгедектік тобын беруге қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Бұдан әрі Ажар Ғиният операция жасау, ауылдағы скринингтер, сирек кездесетін аурулары бар науқастарды препараттармен қамтамасыз ету бойынша сұрақтармен жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.

Министр өңір тұрғынының әрбір өтінішіне толық жауап беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алып, ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Ажар Ғиният жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

Халықтың арасында онкологиялық аурулардың өсуіне алаңдаған журналистер осындай диагнозы бар науқастарға тиімді медициналық көмек көрсету мәселелерін көтерді, оларды дәрігерлік кадрлардың тапшылығы мәселелері және олардың шешімін қалай табу керектігі  алаңдатты, олар өңірдің жұмыссыз тұрғындарының МӘМС жүйесіне қатысуы туралы сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы БАҚ өкілдерінің әрбір сұрағы бойынша толық түсініктеме берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға