Жаңалықтар

Ажал аяқ астынан. 28 жастағы полиция қызметкері әріптесін абайсызда атып тастады

Ажал аяқ астынан. 28 жастағы полиция қызметкері әріптесін абайсызда атып тастады
Фото: © Polisia.kz 05.06.2023 15:00 2329

Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін абайсызда атып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ақпарат әуелі Kozachkov Telegram каналында пайда болды. Ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант. Ол жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде отырған.

Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды.

Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған. Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.

Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды,- деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға