Жаңалықтар

Әзербайжан Ирандағы елшілік жұмысын толық тоқтатты

Әзербайжан Ирандағы елшілік жұмысын толық тоқтатты
Фото: Trend News Agency 30.01.2023 12:01 1695

Әзербайжандағы Иранның дипломатиялық қызметі толығымен тоқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Trend.az жазуынша, бұл туралы журналистерге Әзербайжанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлімдеді, деп жазды ҚазАқпарат.

«Елшілікте әкімшілік ғимарат пен дипломатиялық қызмет мүлігін күзету үшін 5 адам ғана қалады, бірақ олар дипломатиялық қызмет атқармайды», - деп толықтырды министр орынбасары.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 27 қаңтарында жергілікті уақытпен таңғы 8:30 шамасында Иран Ислам Республикасындағы Әзербайжан елшілігіне террорлық шабуыл жасалды.

Шабуыл жасаған адам күзет орнына автоматпен оқ жаудырды, қауіпсіздік қызметінің басшысы өлтірілді, елшіліктің екі күзетшісі жараланды. Қазіргі уақытта лаңкестік әрекет тергеліп жатыр.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иранда қаза тапқан Орхан Аскеровтің мәйітін Әзербайжанға жеткізу үшін қажет шараларды қабылдады. Осы мақсатта Әзербайжан ұшақ бөлді.

Кеше шамамен 22:00-де Ирандағы Әзербайжан елшілігінен эвакуцияланған қызметкерлер мінген ұшақ Бакуге қонды. Сондай-ақ Бакуге елшілікке жасалған шабуыл салдарынан мерт болған Орхан Аскеровтің денесі жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға