Жаңалықтар

Азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді
Азаптауларға  байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды
Фото: gov.kz 05.10.2022 10:51 1574

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаптауларға  байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруде жүйелі тәсілді енгізу және осы функцияны Бас прокуратураға бекіту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан азаптауларға  нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Азаптауларға  байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды. Бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 10 жылдан 12 жылға дейін ұзартылды.

Рақымшылық, ескіру мерзімі және тараптардың өкінуі мен татуласуы негізінде азаптаулар үшін қылмыстық жауаптылықтан босату жойылды.

2019 жылдан бастап Бас Прокурордың «Пенитенциарлық жүйеде азаптаулар, суицид және өзіне зиян келтіру фактілерін тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» нұсқауы қолданылады, оған сәйкес прокурор оқиға орнына міндетті түрде барады.

Түзеу  мекемелерінде және қылмыстық қудалау органдарында үздіксіз бейнебақылау енгізу сатысында.

Көп жағдайда бұл қылмыстар жасырын, жабық және оқшауланған жерлерде жасалады.

Сонымен қатар қылмыстық қудалау органдары осы санаттағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде бұзушылықтарға жол береді.

Тергеу іс-шараларын уақтылы жүргізбеу дәлелдемелердің жоғалуына және дәлелденбегендіктен істердің тоқтатылуына әкеп соғады.

Жалған корпоративті ынтымақтастық шындықты анықтауға кедергі келтіреді. Әріптестер өз қызметкерлерін жасырады, дәлелдерді жасырады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Бас прокуратура Парламентте орналасқан прокуратура органдарына азаптаулардың айрықша тергеп-тексерілуін белгілеу туралы қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындады.

Бас прокуратура ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде азаптауларды тергеп-тексеруге дайындық аясында прокуратура органдарының қызметкерлері үшін «Азаптауларға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының, азаптауларға қарсы коалицияның өкілдері, Құқық қорғау органдары академиясының сарапшы-психологтары мен ғалымдары қатысып, сөз сөйледі.

Семинар барысында азаптауларға қарсы іс-қимылдың ұлттық және халықаралық тетіктері, Қазақстан қосылған халықаралық конвенциялар, сондай-ақ азаптауларды тергеп-тексеру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға