Азаматтық авиация академиясында стартаптар байқауы өтті
Азаматтық авиация академиясында DemoDay стартап байқауы өтті: автотұрақтардағы кептеліс мәселесін шешетін мобильді қосымшадан отандық парашют костюміне дейін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 жас өнертапқыш студент инвесторларға өз жобаларын ұсынды.
Қазылар алқасының құрамында Алматы халықаралық әуежайының, «Aviata» сервисінің, «Technowomen» ұйымының өкілдері, сондай-ақ «UNIMO» инвесторлар клубының негізін қалаушысы болды. Ол студенттердің дайындық деңгейін атап өтті.
Студенттердің презентациялары мені таң қалдырды, өйткені олар өз жобаларын сенімді түрде ұсынды. Мен олардың қандай идеяларды ұсынғанына таң қалдым. Бірде-бір қайталанатын жобаны көрмедім, - деді инвесторлар клубының негізін қалаушысы Ирина Абасова.
Дауыс беру нәтижесінде бірінші орынды «Летун» атты файлдарды локалдық желі арқылы тасымалдауға арналған қосымшасы, екінші орынды «AIRPRO» әуежайларына арналған мобильді қосымшасы, ал үшінші орынды рейстерді брондау қызметі қосымшасы Aviation Charter CRM алды.
Айта кету керек, көрме алдында барлық студенттер Азаматтық авиация академиясының бизнес-инкубаторында екі айлық тегін оқудан өтті.