Жаңалықтар

Азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

Азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.02.2024 14:01 1240

Полиция азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін құрықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық жасады деп айыпталды. Олар 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға