Жаңалықтар

Азаматтар еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет - Президент

Азаматтар еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет - Президент
Фото: El.kz 19.04.2023 11:59 694

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұрпақ қауіпсіздігіне баса назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Мұндай оқиғалар мектепте және көшеде, тіпті үйде болып жатыр. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр. Тіпті ата-ананың өзі баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатыр, - деді Президент.

Мемлекет басшысы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайтаруды ұсынды.

Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық-зорлық зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек. Ана мен баланың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту қажет. Біз көшедегі және әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдердің қатарына қосылуымыз қиындайды. Азаматтар еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға