Жаңалықтар

"Азамат ретінде таңдауымды жасадым". ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді

"Азамат ретінде таңдауымды жасадым". ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді
19.03.2023 10:18 587

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Асхат Рахымжанов Астана қаласындағы №158 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Мұнда 2 922 дауыс беруші тіркелген.

Бүгін мен өзімнің сайлау учаскеме келіп, қарапайым ел азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде біз барлық өңірде болып, бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі аяқтадық. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы референдум өтті. Оның нәтижесінде сайлау жүйесіне және депутаттар корпусын қалыптастыру процесіне өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде еліміздегі саяси жүйенің өзгеруіне әсер етеді, - деді Асхат Рахымжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға