Жаңалықтар

Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Өрт сөндіру қызметі
18.10.2016 09:12 3564

Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Астанада өрт сөндіру кезінде қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды.

Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Ескерткіш 1972-2010 жылдар аралығында өрт сөндіру қызметі кезінде қаза тапқан батырларға арналып жасалған. Ескерткішті жасаған белгілі скульптор — Мұрат Сыздықов. Салтанатты іс-шараға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев пен осы саланың еңбек сіңірген ардагері Жұмабай Ескендіров қатысты.

 Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Жұмабай Ескендіров, Азаматтық қорғау органының ардагері:

— 1972 жылы қалада үлкен өрт болды. Сол өртті сөндіру кезінде Юрий Федорович деген бөлім басшысы ерлікпен қаза тапқан болатын. Одан кейін 1996 жылы Генадий Винокуров, Александр Величкин деген қызметкерлеріміз көпқабатты үйде шыққан өртті сөндіру кезінде соңғы демі қалғанша тілсіз жаумен күрескен болатын.  Бұл азаматтардың қызметіне деген жауапкершілігі, ісіне деген адалдығы жас офицерлерге үлгі болсын деген ниетпен осы ескерткішті орнатып отырмыз.

Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Барат Дұзақбаев, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі:

— Құрметті әріптестер, біз ешқашан өз батырларымызды ұмытпаймыз. Бүгінгі орнатылған ескерткіш мұның айқын дәлелі. Өткенді білмей, болашаққа қол созу мүмкін емес. Сондықтан бұл ескерткішке қараған сайын батырларымыздың ерлігі естеріңізге түссін. Осы кісілердің ерлігі сіздерге үлгі болсын!  

Қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткіш ашылды

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы  ҰОС  ардагерлері мен  тылдағы қызметкерлерге арналған Даңқ Аллеясы ашылған болатын. Жыл сайын 9 мамыр күні ардагерлердің ұрпақтары мен мектеп оқушылары отырғызылған ағаштарды суарып  ата-баба ерлігіне құрмет білдіреді.

Айтпақшы, өрт сөндірушінің бір күндік өмірі қалай өтетінін білгіңіз келсе  мына сілтеме арқылы оқи аласыз. 


Рүстем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға