Жаңалықтар

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Осы жылдың 20-21 қыркүйек күндері «Қансонар» қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында қазақтың төл жануарлары – тазы мен төбетті қорғауға байланысты 2-күндік іс-шаралар сериясы өтті.
23.09.2014 02:11 7978

Алғашқы күні Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ тазысы мен төбетіне арналған дөңгелек үстел өтті.  Сол дөңгелек үстелден шағын фоторепортаж ұсынамыз.

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Дөңгелек үстел аясында бір жағында төбет бейнеленген монетаның презентациясы өтті. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Ұлттық Банк шығарған бұл монетаның номиналы – 500 теңге. Айналымға 2014 жылдың 12-қыркүйегінде шықты. Беткі жағының (аверсте) ортасында ҚР елтаңбасы бейнеленіп, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жазуымен қоршалған. Төменгі бөлікте «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Шеткі жағында дөңгелене қазақ оюы орналасқан. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Монетаның келесі бетінде (реверсте) төбеттер жұбы тау мен күннің фонында бейнеленген.  Алдыңғы төбет пен атып келе жатқан күн алтынмен жабылған. Жоғары бөлікте «ТӨБЕТ»

Монета күмістен (925 сынама) жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61, дайындау сапасы – «proof», максималды тираж – 5 000 дана. Бағасы – 11 200 теңге. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Іс-шарада «Қансонар» қауымдастығының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов алғашқы болып сөз алды. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Одан кейін ұлттық дәстүрге жанашырлық танытып жүрген қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан сөйлеп, қазақтың тазысын зерттеуге үлкен үлес қосқан орыс ғалымы Аркадий Слудскийге Астана қаласынынан көше атын беруді ұсынды.

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Аркадий Александрұлы Слудский 1912 жылы Тирасполь (Молдавия) қаласында дүниеге келген. Тағдыр тәлкегімен ол Ресейдің бірнеше өңірінде өмір сүріп, 1935 институт бітіріп, 1936 жылы Қазақстанға жұмыс істеуге келді. Аң аулау маманы қызметін атқара жүріп ол ондатраны (ондатр – Америкадағы су қоймаларын мекендейтін бағасы терісі қымбат үлпек жүнді аң) жергілікті ауа райына үйретуде зор еңбек сіңірді. Қазақстанда жүріп А.А.Слудский бірқатар ғылыми еңбектер жазып үлгерді: «Қасқыр және онымен күрес: Қазақстан» орысша (1937 ж.) және қазақша (1938 ж.),  «Қазақстанның үлпек жүнді аңдары және оларды өндіру» (1937 ж. орысша, қазақша), «Құм сарышұнағы» (1938 ж. орысша, қазақша), «Азия тазысы және онымен аң аулау». 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

А.А.Слудскийдің «Азия тазысы және онымен аң аулау» кітабының ішіндегі иллюстрация, сол жақта – ұрғашы тазы, оң жақта – еркек тазы. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

«Қазақ тазысы» ұлттық клубының президенті Константин Николайұлы Плахов тазы иттерінің қазіргі жағдайына тоқтала кетті. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Бір қызығы экс-министр Жақсылық Досқалиев та тазы асыраумен айналысады екен. Ол К.Н.Плаховтың айтқандарымен келіспей, оған сұрақтар қойды. 

Қазақтың тазысы мен төбеті заңмен қорғалмақ

Дөңгелек үстел қатысушыларына бірқатар құнды дүниелер берілді. Атап айтсақ, «Қансонар» журналының тазыға арналған кезекті нөмірі, А.А.Слудскийдің «Азия тазысы және онымен аң аулау», Данияр Дәукейдің қолдауымен жарық көрген «Төбет» кітабы, Әли Абайдың «Мырза» атты кітабы. 

«El.kz» интернет-жобасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға