Аза тұту күніне байланысты еліміздің бас байрағы төмен түсірілді
![Аза тұту күніне байланысты еліміздің бас байрағы төмен түсірілді Аза тұту күніне байланысты еліміздің бас байрағы төмен түсірілді](/storage/storage/element/2023/06/12/mainphoto/54392/1200xauto_4wgiLzUWIj2wpas1EWF1e8UCCsddOsqcA4Ja1sst.jpg)
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі
12.06.2023 08:18
1121
Елордадағы бас мемлекеттік ту Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР заңына сәйкес 12 маусым күні сағат 00:00-ден бастап барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы тулар ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Еліміздің ең үлкен туы Астананың орталығындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орналасқан.
Байрақтың көлемі – 450 шаршы метр. Салмағы 100 келіге жетеді. Ені – 15 метр. Ұзындығы – 30 метр.
Қазақстанның бас байрағы жай күндері 111 метр биіктікке дейін көтеріледі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)