Жаңалықтар

Қазақ тілін үйренуіме намысшылдығым себеп болды

Қазақ тілін үйренуіме намысшылдығым себеп болды
14.12.2019 19:14 1832

Армен Оганесян, Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының полицейі:

Армян ұлтының өкілі боламын. Өзбекстан Респликасында туылғанмын. Сол жақта мектепте орыс тілінде оқыдым. 2007 жылы Қызылорда қаласына көшіп келгеннен кейін де, оқуымды орыс сыныбында жалғастырдым. Мектепте кластастарымның көбісі басқа ұлт өкілдері болатын. Өзге ұлт өкілдері болса да, олардың барлығы қазақ тілінде сөйлейтін. Арасында мен ғана қазақша сөйлей алмайтынмын. Достарым маған әдейі қазақша айтатын, мен орысша сөйлесем, түсінбеген сыңай танытатын. Сөйтіп мен өзбекше жауап беретінмін. Намысыма қатты тиді, жігіттерге айттым маған қазақ тілін үйретіңдерші деп. Солардың арқасында мен қазақ тілін үйрендім. Талай қызықты жағдайлар болады. Бекетте тұрған кезде, кейде әсіресе ауылдан келген адамдар орысша сөйлей алмаса да, маған орысшалап жатады. Сол кезде мен қазақша сөйлеп қалсам, олар қуанып кетеді. Менің қазақ тілін үйренуіме намысшылдығым себеп болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға