Жаңалықтар

Қазақ тілі – арың бұл!

Қазақ тілі – арың бұл!
08.11.2019 10:11 3339

Көкшетау қаласында «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзия байқауы өтті. Байқауға облыс аумағындағы оқу орындарынан 21 жас қатысты.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Тохаева: «Мемлекеттік тілді үйрену - бұл қажеттілік, уақыт талабы. Сондықтан, поэзия байқауын өзге ұлт жастарын қазақ тілін үйренуге тарту формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Өйткені, мемлекеттік тіл қазақстандық қоғамды біріктірудегі маңызды фактор болып табылады», - деді құттықтау сөзінде.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеген «Адырна» ҚҚ-ның президенті Әубәкір Арман, мемлекеттік тілді үйрену арқылы өзге де этностар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын тереңірек таниды деді.

Байқау көрермендердің қызығушылығын тудырды, себебі қатысушылар өлең оқып қана қоймай, қазақтың ұлттық киімдерін киіп шығып, әр өлең оқылымын қойылыммен үйлестіре білді.

Қатысушылар ортасынан үздік көрінген А.Соколова, А.Бабенко және Т.Смирнова сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға