ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕ ЖҮЙЕСІ
Иран елін пана тұтып, сонда қоныстанған ата-бабаларымыз бала тəрбиесіне ерекше мəн бергенін кейін түсінгендей болдық. Өйткені олардың тəрбие-тəлімі қазақ халқының салт-дəстүрімен біте қайнасып жатқандықтан əрбір дəстүрді заманаға лайық жаңғыртып пайдаланып келеді екен. Қазақтар халықтың салт-дəстүрі ұрпаққа тəрбие беру үшін ең мықты құрал екенін жақсы түсінген, сəбидің жағдайына анасының жатырында жатқаннан бастап ерекше көңіл бөліпті. Тəрбие бастауы- қазақтар екі қабат келінге ерекше көңіл бөліп, күтімге алады. Сəбидің дүниеге келуін ұлы құбылыс ретінде қабылдап, шаттық пен уайым арасында Жаратушыдан ана мен баланың амандығын тілеп жатады.
Сүйінші сұрау- сəбидің дүниеге келгенін барлық жақын ағайын, жегжаттарға хабар беріп, сүйінші сұрайды. Естіген жан қуанышына ортақтасып, жаушыға ырымын жасап сүйіншіге ақшалай немесе заттай бір нəрсе ұсынып жатады. Жаушы сəбидің дүниеге келгенін хабарлағанда ұл бала болса, “сарбазың-қорғаушың дүниеге келді” десе, қыз баланы “ырысың, байлығың дүниеге келді”, деп хабарлайды. Баланың туған сəтінен бастап ағайын, жегжат барынша жаңа ананың денсаулығы мен көңіл-күйіне аса бір ыждаһаттықпен күтім жасап, оны тамақтандырады, төсегі мен киім-кешегін жаңалап тұрады. Бұның бəрі баланың дүниеге келуінің құрметі мен қуанышы іспеттенеді. Жаңа анаға бұнша құрметтің астарында келесі бір келіннің ана болуына қызығушылығы ояна ма деген ниет те жоқ емес.
Балаға азан шақырып ат қою- бұл да діни нанымды сəбидің тап-таза, мөлдір санасына енгізу екені мəлім. Бұл дəстүр сəбидің иманына негіз, өмір жолына өнеге болып жалғаса береді. Жаңа туған сəби қырық күнге толғанша айрықша күтімге алынады. Сəбимен бірге оның анасы да қатты күтіледі. Сəби қырық күнге толғасын «шілдехана» тойы жасалады. Шілдехана сөз тіркесі парсы тілінде де бар. Шілде: қырық, хана: үй деген мағнада.
Қазақ тілінде «хана» сөзін- Асхана, шəйхана, дəретхана, тойхана, дəмхана, дəріхана тіркестерінде қолданады. Ең қызығы «шілдехана» сөзі қазақ пен парсыда бір мағынада қолданылмайды. Шілдехана-қазақтар салтында сəби қырық күнге толған соң оған арнап өткізетін той. Балада өзін қорғайтын алғашқы қуат пайда болғаны үшін ата-ананың қуаныш тойы. Шілдехана-парсыларда: дəруіштер оңаша қырық күнін өткізетін мекенге «қырық күндік үй» деген мағнада қолданады.
Бесікке салу-Шілдеханадан кейін бесікке үйретеді. Онымен сəби өмірінің бастауында өзіне жеке баспана, шаңырақ болуына бойын үйретсін деген оймен бұл шаруаны да дəстүрге айналдырды. Сонда бесік-сəби үшін тұңғыш жеке үйі іспеттес.
Бесік жыры-сəбидің адами тіршілігі мен қоғамдық ортасына бейімдеу жолдарының бірі. «Əлди, əлди, əлди-ай-əлди бөпем, ұйықта жай» əні сəбидің психологиялық тыныштығын қамтамасыз ете отырып, оны қоғамдық ортадан хабардар етеді.