Жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі

13 қыркүйекте күн райы қандай болады
Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі
Фото: ult.kz 12.09.2022 19:53 974

13 қыркүйекте елордада және Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, тұман түседі, қатты жел тұрып, 3 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

13 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. 

13 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 

13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, 14 қыркүйекте тәулік бойы солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ертең күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. 

Сейсенбі күні күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде – 15-20, екпіні – 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. 

Нұр-Сұлтан қаласында 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. 

13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 

13 қыркүйекте түнде Абай облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Ертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

13 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысыңда оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және павлодар қаласында түнде топырақ бетіндегі 3 градус үсік күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға