Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 50,3%-ы ескі көлік мінеді

Қазақстандықтардың 50,3%-ы ескі көлік мінеді
Фото: 7kun.kz 15.06.2022 18:25 2305

Қазақстанда шығарылған жылы ескі автомобильдер саны басым, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы сәуірде 83,5 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% аз, оның ішінде жүк автомобильдерінің саны 18,7%-ға, автобустардікі 29,1%-ға кеміді, бұл ретте жеңіл автомобильдердің саны 1,5%-ға артты. 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 357,6 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8% – жеңіл автомобильдер, 10,4% – жүк және 1,8% – автобустар.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,3%, жасы 10-нан 20 жылға дейін бұрын шығарылған автокөлік құралдарының үлесі – 21,1%, 7-10 жыл аралығындағылар – 14,5%, 3-7 жыл болғандар – 6,4%, машиналардың тек 7,6% пайдалану мерзімі 3 жылдан кем. Шығарылған жылы 20 жылдан астам автомобильдердің үлесі жүк көліктері арасында – 60,8%, автобустар бойынша – 42,2% құрайды, - делінген ақпаратта.

Автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 534,7 мың бірлік, Алматы қаласында – 508,7 мың бірлік және Қарағанды облысында2) – 310 мың, Атырау облысында – 116,9 мың бірлік тіркелген.

Жанармай ретінде жеңіл автокөліктер негізінен бензинді пайдаланады (87,8%), көлік құралдарының 8% аралас отынмен3) жүреді. Жүк көліктерінің 48,7%-ы дизель отынымен, қалғандары бензин (45,9%) мен аралас отын есебінен3) (2,2%) қозғалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға