Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
21.06.2022 14:26
1156
Биыл шілде айында қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды, деп хабарлайды El.kz
Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтіндер де бір күн демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келгендіктен, демалыс қарастырылмаған.
Шілдедегі демалыс күндері:
бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар.
алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.
Бөлісу:
