Жаңалықтар

Қазақстандықтар банктерге 11 трлн 400 млрд теңге қарыз

6 млн 300 мың адам банктен несие алған
Қазақстандықтар банктерге 11 трлн 400 млрд теңге қарыз
Фото: bugin.kz 27.06.2022 17:55 1518

Бұл туралы бүгін банкроттық туралы заң жобасын талқылау кезінде Халықтық партияның төрағасы Ермұхамед Ертісбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір 6 млн 300 мың адамның банктегі несиесі бар, деп хабарлайды El.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Соңғы 3 жылда елде кредит беру көрсеткіші 70 процентке артты. Тағы 1 млн адам – микроқаржы ұйымдарының борышкерлері. Жиынға қатысқан сарапшылардың пікірінше, қарызға батқан азаматтарымызды тек банкроттық туралы заңның қабылдануы ғана құтқарады. Сондай-ақ бұл құжат қаржы ұйымдарының жұртқа ойланбастан кредит бере беру үрдісін тоқтатуға бағытталуы тиіс. 

- Дамыған елдерде банктер несиені тек қарызын қайтаруға мүмкіндігі бар адамдарға ғана береді. Ал бізде кез келген азамат кредит рәсімдей алады. Банктер бұған дейінгі қарызын өтемегендерге де несиені растайды. Жағдай өзгермесе, біздің халық кредиттің қыспағынан ешқашан шыға алмайды. Банкроттық туралы заңда осыны ескерген абзал, - дейді Қазақстан Халық Партиясы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға