Жаңалықтар

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Еліміздегі тұңғыш биопакет цехынан репортаж
19.07.2016 08:18 10364

Елордада осыдан бір айдай уақыт бұрын іске қосылған биопакет цехына жолымыз түсті. Онда бізді компанияның негізін қалаушылар Мирас Аббасов пен Батырхан Жұманов қарсы алды.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Қазір өндіріс орны қалыңдығы, түсі және көлеміне қарай биопакеттердің он түрін шығарып отыр. Олардың ең басты артықшылығы – экологияға зиян тигізбейтіндігі. Негізінен, бұл өнімдерге органикалық азық-түлік өнімдерін сататын интернет-дүкендер мен химиялық тазалау орталықтары тапсырыс береді.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Полимерлік пакеттер 100 пайыз өсімдік шикізатынан жасалады. Олар қолданылғаннан кейін қоршаған ортаға зиян келтірместен, табиғи бөліктерге ыдырайды. Нақтырақ айтқанда, температура, ылғалдылық, ультуракүлгін сәулелер және микроағзалардың әсерінен 98 күнде, солтүстіктің климаттық жағдайында, мысалы, Астанада шамамен 2-2,5 жарым жылда ыдырайды. Оңтүстік Қазақстанда бұл үдеріс бір жылға созылады. Салыстыру үшін айтайық, біз қазір қолданып жүрген полиэтилен пакеттер 400-500 жылға дейін шірімей жата береді.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

«Полиэтилен пакетінің бағасы шамамен 3 не 5 теңгеден басталса, биопакеттердің бағасы 7 теңгеден жоғары. Бастысы, оны органикалық қалдықтармен (мысалы, тамақ қалдықтары) бірге тастау керек. Сол кезде ол тез ыдырайды. Әдетте біз микротолқынды пешке полиэтилен пакетке оралған тамақты салып ысытамыз. Алайда, бұл пакеттер тамаққа зиянды заттар бөлетінін көп адам біле бермейді. Биопакеттерді микротолқынды пешке салуға болмайды. Салған жағдайда олар бірден еріп, күйген қанттың исі шығады» дейді биопакет өндірушілер.

Сондай-ақ, бұл цехта көбіне сұлулық салондары мен асханаларда қолданылатын бір реттік қолғаптар да дайындалады. Олардың пластикалық қолғаптардан айырмашылығы – өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратқанда (утилизация) толықтай ыдырайды.

Идея қалай туды?

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

«Биопакет шығару туралы идея  Қытайға іссапармен барған кезде туды. Ол жақта полиэтилен пакетті ілуде бір кездестіресің. Бүгінде тек Қытай ғана емес, әлемнің 40-тан астам елінде пластикалық пакеттерді қолдануға шектеу қойылған. Олардың қатарында Дания, Германия, Ирландия, АҚШ, Австралия және т.б. бар. Ал,  осыдан бір-екі апта бұрын Франция билігі де елде полиэтилен пакеттерді сатуға тыйым салды» дейді Батырхан Жұманов.

Оның айтуынша, өнім Еуроодақ, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Австралия, Жапония елдерінің экологиялық стандарттарына сай келеді. Цехқа Қытайдан арнайы әкелінетін шикізаттың сертификаты бар.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

«Бұл істі жүргізе бастағанымызға бір ай болды. Жобамызды қолдаушылар да, түсіне алмай жатқандар да көп. Әзірге биопакеттерге астаналықтардың сұранысы төмен. Енді ғана елордалық 1-2 супермаркетпен келісіп, әріптестікті бастағалы отырмыз. Одан гөрі Алматыдан сұраныс көбірек түсіп жатыр. Сонымен қатар, біздің бастамамызға Украина, Ресей, Еуропаның кей елдері қызығушылық танытып отыр. Осы бизнесті бастауға шамамен 200 мың доллардай қаражат кетті. Бұл қаржы өз қалтамыздан шықты. Енді түрлі гранттар іздестіріп жатырмыз. Әзірше цехта үш адам жұмыс істейді. Кейін жоба аясы кеңейгенде, мұнда 15 адамға дейін жұмыс істеуі мүмкін» дейді Мирас Аббасов.

Биопакеттерді жасау процесі қанша кезеңнен тұрады?

Ең алдымен, картоп крахмалының немесе жүгері шайырының түйіршіктері (кукурузная полимолочная кислота) экструдерге салынады.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Экструдер  бір күнде шамамен 100 мыңдай пакет шығара алады. Бір циклды шығару үшін жарты күн уақыт кетеді. Пакеттер келілеп саналады.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Жоғары температура мен қысым жағдайында түйіршіктерден пластикалық полимерлік қабықша үрленеді. Ауаның температурасы пульт арқылы басқарылады.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Дайын болған қабықшаны рулонға орайды.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Ал, екінші кезеңде полимерлік қабықша рулонын алуан түске бояйтын баспа машинасына салады. Осы машинада пакетке логотип пен жарнама  жазылады.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Үшінші кезеңде өнім толықтай дайын болады. Станок қабықшаны желімдеп, жеке-жеке пакет етіп кесіп шығарады. 

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Бұл машина минутына 100 пакет дайындай алады.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

«Биопакет» компаниясының өкілдері өз өнімдерінде ЭКСПО брендін пайдалануға рұқсат сұрап «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына хат жазған екен. Әзірше ортақ келісімге қол қойылмаған. Кәсіпкерлер жақын уақытта бұл мәселеге қайта ден қойып, келесі жылы елордада өтетін халықаралық көрмеге үлес қосуға ынталы болып отыр.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Биопакет жасаушылар қазіргі нарықта тұтынушылардың экологиялық жағынан таза өнім мен пластикалық пакеттердің арасында таңдау жасауына мүмкіндік беру керек деп есептейді.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

«Қазір Астана қаласының тұрғындары айына 30 миллион пластикалық пакетті пайдаланады. Ал біз әзірше айына 5 миллион биопакет шығара аламыз. Алдағы уақытта экологиялық жағынан таза өнімдерге қатысты арнайы заң шығып, биопакеттерге сұраныс көбейсе, үлкен зауыт ашқымыз келеді.

Бір рет қолданылатын ыдыстарды шығару да ойымызда бар. Ондай ыдыстарды жасайтын станоктарды тауып қойдық, бірақ, әзірге сатып алған жоқпыз. Дәл қазіргі мақсатымыз – биопакеттердің өндірісін жолға қою. Біздің негізгі тапсырыс берушілеріміз үлкен сауда желілері болмақ.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Ерте ме, кеш пе, әлемнің дамыған елдерінде әлдеқашан жолға қойылған экологиялық пакет саудасы Қазақстанға да келеді. Біз осы үдерісті алғашқылардың бірі болып бастауға бел шештік»  дейді Мирас Аббасов пен Батырхан Жұманов.

Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?

Forbes.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Астанада ай сайын шамамен 30 миллионға жуық синтетикалық пластикалық пакеттер қолданылып, қоқыс полигондарына жөнелтіледі. Мұндай пакеттер табиғи жағдайда ыдырамайды. Ал, өртегенде улы заттар бөледі. Елордада ұсынылатын пакеттердің 15 пайызы жергілікті тауар өндірушілерге тиесілі. Қалған 85 пайызы  Қытай, Қырғызстан және Ресей жерінен әкелінеді.  


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға