Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
Фото: wfrk.kz
Фото: wfrk.kz
14.06.2022 16:02
6810
Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шығып, қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды.
Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жылына 200 мыңнан астам адам донор болады
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады