Жаңалықтар

Қазақстанда вейп сатуға және шегуге тыйым салынады

Фото: takprosto.cc
Қазақстанда вейп сатуға және шегуге тыйым салынады
08.06.2022 15:23 7802

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, деп хабарлайды El.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтық, газ – оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады», - деді депутат.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау туралы кодекске сұйық және газ түріндегі темекі қоспалары бар электрондық құрылғылар деп аталатын вейптарды сатуға және пайдалануға тыйым салу жөнінде түзету енгізілді.

«Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталды», - деді А. Жамалов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға