Жаңалықтар

Қазақстанда психикалық денсаулық күні өтіп жатыр

Қазақстандықтар медициналық-санитарлық көмек ұйымдарынан тегін кеңес ала алады.
10.10.2016 06:38 5657

Бүгін елімізде алғаш рет «Өмір – менің ең қымбат құндылығым!» ұранымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аталып өтуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында психологтардың, учаскелік дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің тегін кеңестеріне жүгінуге болады.

Қазақстанда психикалық денсаулық күні өтіп жатыр

Сонымен бірге, МСАК ұйымдарында суицид жасауға әрекеттенген балалардың ата-аналары мен жақындарымен жекелей әңгімелесу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық бейінді мектептерінде психикалық денсаулықты қорғау, отбасында жағымды психологиялық қарым-қатынас құру туралы сабақтар өткізіледі.

Психикалық денсаулық – бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдайы.

Психиканың бұзылуы – жүрек-қантамырлары аурулары мен қатерлі ісік сынды созылмалы ауруларды қоздыратын негізгі фактор.

Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек.

Психикалық денсаулықты қорғау – құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия болып табылады.

Әлемде 1992 жылдан бастап Бүкіләлемдік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аталып өтіп келеді. Оның мақсаты – депрессивті көңіл-күй, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашаға тәуелділік, талма ауруы, ақыл-ойдың артта қалуының таралуын азайту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға