Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді
Фото: egi.edu.kz
Фото: egi.edu.kz
21.07.2022 16:45
2498
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу жүріп жатыр,– деп хабарлайды El.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше бірінші күні тестілеуді 4612 адам адам тапсырды.
Кешенді тестілеудің сертификатын жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінен жүктеп алуға болады.
Апелляцияға келіп түскен өтініштер 5 күн ішінде қарастырылады.
– Апелляцияға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 69-52-66 нөміріне хабарласу керек. Нәтижесі тест тапсырушының жеке кабинетінде көрсетіледі,– деп ескертеді орталық.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жұмыс сапары аяқталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 58 отбасы баспаналы болды