Қазақстанда 1 734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
КВИ шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр
Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru
07.07.2022 09:36
2470
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 шілдедегі ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды El.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирус инфекциясынан (1 677+ және 57 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр .
Бөлісу:
