Жаңалықтар

Қазақстанда әкімдер үшін жаңа KPI енгізіледі

Фото: primeminister.kz
Қазақстанда әкімдер үшін жаңа KPI енгізіледі
07.06.2022 11:50 44003

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет басшысының айтуынша, жастар практикасына, «алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы артып, қатысу мерзімі ұзартылды. Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 146 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 

«Биыл ұлттық жобаларды іске асыру аясында шамамен 270 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл жоспар орындалуы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша биылдан бастап мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысының тиімділігі жаңа жұмыс орындарын құру бойынша KPI-ға қол жеткізу негізінде бағаланатынын атап өтті.

Осыған орай Үкімет басшысы мынадай тапсырмалар берді.

  • жобалар мен бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрақты бос жұмыс орындарын көбейтуді қамтамасыз ету;
  • жастармен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтармен жұмыс істеу үшін жұмыспен қамту орталықтарында «бір терезе» тәсілін қамтамасыз ету;
  • цифрлық платформалар аясында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік кепілдіктер беру үшін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • 25 маусымға дейін әкімдерді бағалау үшін әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда кемінде 100 жаңа жұмыс орны индикаторын белгілеп, жаңа жұмыс орындарын нақты есепке алу әдістемесін бекіту;
  • субсидияланатын жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысушылардың кемінде 60%-ын тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға