Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын гемотологиялық ауруларға шалдыққан 20 мыңнан аса науқас ем алады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді
Елімізде жыл сайын гемотологиялық ауруларға шалдыққан 20 мыңнан аса науқас ем алады
Фото: gov.kz 12.09.2022 13:59 1616

Қазақстанда жыл сайын гемотологиялық ауруларға шалдыққан 20 мыңнан аса науқас ем алады, деп хабарлайды El.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкогематологиялық  көмектің дамуына айрықша көңіл бөледі. Медициналық көмек көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізіледі,  ерте диагностика  бағдарламасын дамыту арқылы онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары жетілдіріледі.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкогематология және сүйек кемігі трансплантациясы орталығы ересек тұрғындар үшін аллогендік және гаплоиденттік транспланттауды жүзеге асыра алатын еліміздегі жалғыз медициналық ұйым  болып табылады.

Бәрі 10 төсек-орыннан басталған. Қазір орталық құрамына 4 бөлімше кіреді: сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшесі, онкогематологиялық реанимация бөлімшесі, күндізгі стационары бар №1 онкогематология бөлімшесі, ЛПЗ және №2 онкогематология секторы.

Ұлттық ғылыми онкология орталығында шетелде білім алып, тағылымдамадан өткен кәсіби мамандар – гематологтар, кардиологтар, реаниматологтар, зертханашылар жұмыс істейді.

Орталық мамандарының біліктілігін шыңдап отыруға қашан да басымдық беріледі. Дәрігерлер мен мейірбикелер мамандық бойынша оқытудан өтеді, АҚШ, Түркия, Израиль, Германия, Жапония, Ресейдегі әріптестерінің шеберлік сыныптарына қатысады.

Осы орайда трансплантацияны сәтті жүзеге асыру үшін донор мен пациенттің үйлесімділігін зертханалық зерттеу, яғни трансплантацияланатын ағза мүшесі мен тінді HLA-типтеу маңызды рөл атқаратынын айта өткен жөн. Мұндай зерттеулерді Қазақстанда 10 жылдан бері бүгінгі таңда бірінші әрі бірегей тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы базасында 2010 жылы құрылған қан қызметінің HLA-зертханасы жүзеге асырады.

HLA-зертхана қызметінің арқасында 2013 жылы Қазақстанда сүйек кеміг донорларының регистрі құрылды. Бүгінде регистр базасында сүйек кемігіне донор болуға ықтиярымен ақпараттандырылған келісім берген алты мыңға жуық ерікті отандасымыз тіркелген.

Жалпы HLA-зертханамен бірлескен жұмыс арқасында осы жылдары 500-ден аса сүйек кемігі трансплантациясы жасалды.

Қазіргі таңда елімізде қантүзу және лимфа тіндерінің онкологиялық ауруларын есепте 8000 мыңнан астам пациент тұр. Жыл сайын 1 500-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі. Онкогематология және сүйек кемігі трансплантациясы орталығында жыл сайын қанайналым жүйесінің қатерлі ауруынан 1000-ға жуық адам ем алады. Бөлімше мамандары жылына 80-ге жуық сүйек кемігі трансплантациясын жасайды.

Қазіргі уақытта ҰҒОО жаңа емдеу-диагностикалық корпусының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол пайдалануға берілгенде, трансплантациялық блоктың қуаты үш есе артады. Мәселен, жаңа корпуста Онкогематология орталығының 55 төсекке есептелген 2 бөлімше ашылады Бұдан басқа пациенттер транспланттаудан кейін оңалтудан өтетін 20 төсекке арналған күндізгі стационар, 12 төсектік онкогематологиялық реанимация бөлімшесі, жылына 200-250 транспланттау операциясын жасауға мүмкіндік беретін, 15 төсекке есептелген таза бөлмелер блогі жасақталады.

Қазақстан Республикасында гематологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты, «2022-2023 жылдарға арналған қан обыры және қан өндіру депрессиясы кезінде Қазақстан Республикасының ересек халқына медициналық көмекті жетілдірудің жол картасы» әзірленді. «Қазақстан Республикасында онкогематологиялық қызметті үйлестіру жөніндегі ҰҒОО-ның 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Өңірдегі гематолог мамандарға ұдайы консультативтік-әдістемелік көмек көрсетіледі, аймақтағы мамандар үшін оқыту және біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.

2021 жылы республика бойынша барлығы гематологиялық ауруға шалдыққан 26 579 пациент емделді. Оның ішінде онкогематологиялық ауруға ұшыраған 1429 пациент ҰҒОО базасында емделді.

Бұған қоса былты пилоттық режимде лимфопролиферативті ауруларды емдеуге арналған сектор ашылды. 2021 жылдың желтоқсанына бері науқастарға арналған көптеген миеломасы бар пациенттерің емделушілер мектебі және лимфомасы бар емделушілер мектебі ашылды.

Қыркүйек айында ҰҒОО-да Ашық есік күні ұйымдастырылады. Онда гематологиялық аурулары бар пациенттер тегін кеңес алып, емдеудің үздік тәжірибесімен таныса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға