Жаңалықтар

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?

Қазақстандағы әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс істеп, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруына мемлекет тарапынан қолдау зор.
05.05.2015 15:09 7648

Қазақстандағы әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс істеп, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруына мемлекет тарапынан қолдау зор. Өзге елдерден келіп, біздің жұмысымызбен танысып, таң қалысып, таңдай қаққандар аз емес. Барлығы ешбір мемлекетте баршаның баласын қанатының астына алып, қамқорлық танытып отырған Қазақстандай ел жоқ екенін тілге тиек етеді. Осы ретте, аймақтардағы этномәдени бірлестік өкілдеріне «Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?» деген сауал жолдаған болатынбыз.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Жезқазған қаласының «Қоғамдық келісім» РММ-інің төрағасы:

Қарағанды облысы бойынша сексенге жуық этномәдени бірлестік бар. Бұл этномәдени бірлестіктерге мемлекет тарапынан өте жақсы жағдай жасалған. Өткен жылы әрбір этномәдени бірлестік облыстық бюджеттен 21 млн-нан астам қаражат алып, әрқайсысы гранттар ұтып алып отыр. Олардың жұмыс жасауына барлық мүмкіндік қарастырылған. «Достық» үйлерінде жұмыс істеуге арналған арнайы орын-жайлар бар. Біздің Қарағанды облысындағы этномәдени бірлестіктер бір-бірімен тату-тәтті, барлығы Қазақстандық патриотизммен жұмыс жасап, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру мақсатында еңбектеніп жатыр.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?

Князь МИРЗОЕВ, Қазақстан Республикасындағы «Барбанг» күрдтер ассоциациясының президенті:

Күрдтер – бұл Қазақстан халқының бір бөлшегі. Қазақстандағы күрдтердің ұлттық мәдениетін, тілін, тарихын тануына жағдай жасалған. Мектептерде күрд тілі оқытылады, «Барбанг» ассоциациясы күрд тілін оқытуға арналған оқыту-әдістемелік құралдарын басып шығарды. Аймақтарда фолькорлық ансамбльдер жұмыс істейді. Оның барлығы біздің дана Президентіміздің көреген саясатының арқасында. Біздің Президентіміздің саясаты – бірлік, бейбітшілік пен татулық. Біздің мақсатымыз, міндетіміз бен болашағымыз бір.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?Деспина КАСАПИДИ, Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Понтос» грек этномәдени бірлестігінің төрайымы:

Ассамблея жылы аясында ұйымдастырылған шараларға грек этномәдени бірлестігі белсенді қатысып жатыр. Бірлестік ішінде би ансамблі бар. Мысалы «Тайқазан: 20 ізгі іс» акциясы Теміртау қаласына келген кезде, біз балалар үйіне, қарттар үйлеріне барып концерттер бердік, қайырымдылық шараларын өткіздік. Облыс әкімдігі тарапынан этномәдени бірлестіктерге жыл сайын гранттар беріліп, қолдау жасалады. Біздің төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытуға қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Ортақ шаңырағымыз Қазақстан гүлдеп, жайнай берсін!

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің ахуалы қандай?

Шахисмаил Асиев, Алматы облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы:

Жетісу жерінде 103 этнос өкілі тату-тәтті тұрамыз. Замандастарыммен сырласа қалсам, әркімнің тағдыры әрқилы. Бәрі де арып-ашып алыстан келгенде қазақтардың көрсеткен қамқорлығына риза. Сондықтан қазақтың «Қуанышты бөліссе көбейеді» деген жақсы сөзін тілге тиек ете отырып, Қазақстан Республикасының барша азаматын жақында ғана табалдырықтан аттаған жаңа жылмен құттықтаймын!

Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, бейбітшілік пен келісімнен асқан байлық, бақыт жоқ. Бұл асыл қазына болмаса, ешбір істің алға баспайтынына көптің көзі жетуде. Ассамблея осылайша елдің басын біріктіруші күш екенін көрсетті. Бірлік бар жерде тірлік болатынын дәлелдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға