Қазақстанда сусын және темекі өнімдерінің өндірісі артты
Биылғы қаңтар-тамызда 32 127 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді
2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,5% құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелген. Айтарлықтай өсім Жамбыл (11,4%), Ақмола (8,9%), Абай (8,6%) облыстарында және Алматы қаласында (8,5%) тіркелді. Төмендеу үрдісі – Жетісу (5%), Павлодар (3,1%), Қызылорда (2,6%), Қостанай (2,5%) және Түркістан (0,4%) облыстарында байқалған.
Биылғы қаңтар-тамызда 32 127 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 16 987 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 52,9%), өңдеу өнеркәсібінде – 13 418 млрд теңгеге (41,8%).
Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда елімізде түсті металл кендері (105,1%), көмір өндіру (102,2%), сусындар (107,5%), темекі өнімдері (115,4%), химия (111,8%) және металлургия өнеркәсібі (105,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,1%), машиналар мен жабдықтар, дайын металл бұйымдары (102,4%) өндірісі артқан.
