Жаңалықтар

Қазақстанда көлік нөмірлерінде арнайы элементтер болуы тиіс

Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі
Қазақстанда көлік нөмірлерінде арнайы элементтер болуы тиіс
Фото: massaget.kz 14.09.2022 16:04 1142

ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған, деп хабарлайды El.kz

Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.

Қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды.

«Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс», - деп ведомствода атап өтті.

Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтынын хабарлаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға