Жаңалықтар

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер көзімен» атты фоторубрикасын ұсынамыз.
11.11.2014 05:15 10182

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер көзімен» атты фоторубрикасын ұсынамыз. Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін аптаның сейсенбі және жұма күндері жариялап отырамыз.

2014 жылдың 30 мамырында Астана төрінде «Денис Тен және достары» атты мұз шоуы болып, оған мұзда сырғанау бойынша әлем жұлдыздары қатысты. Атап айтқанда, Сочи олимпиадасының чемпиондары ресейлік Максим Траньков пен Татьяна Волосожар, Ванкувер олимпиадасының чемпионы Эван Лайсачек, әлем чемпиондары Мао Асада, Дайсуке Такахаси, Каролина Костнер.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Денис Теннің досы Дайсуке Такахаси Астана қаласының архитектурасына тәнті болды.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

2014 жылдың шілде айында елордамыздың туған күнін тойлауға әлемдік эстрада жұлдызы Akon арнайы қонақ болып шақырылды.

Әншінің айтуынша, Астана әлемнің ең әдемі қалаларының бірі. Ол сондай-ақ қаланың 16 жылда салынғандығына таңданыс білдірді. 

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Akon-ға қазақ салт-дәстүрі мен мәдениетін де ұнаған екен, ол бұл туралы instagram желісінде жазып отырды. 

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Әнші қазақ жұртының қонақжайлылығын да атап өтті.  

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Назарбаев Университетінің оқытушысы Брэт Крейг те әлеуметтік желілерде Астана қаласына қатысты өз пікірін білдірді.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақ халқы профессорды әрдайым таң қалдыруда.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Брэт Крейг лифт ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі жазылған плакатка тап болған. Адамдар керек емес дүниелерін сатып жатыр деп ойлап, instagram-да түсіндірмесін сұраған. Осылайша, университет оқытушысы қандастарымыздың көмегімен еліміздің дәстүрімен танысуда. 

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Бір қызығы, Брэттің кішкентай қызының сүйікті тағамы бесбармақ екен. Мына асты сол қыздың туған күніне анасы арнайы даярлапты.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Күнделікті өмірден үзінді.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Ал бұл суреттер Астана күніне орай Париж қаласында ұйымдастырылған көрме алаңында түсірілген. 

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Жексенбі күні 28 панфиловшылар паркі Алматы қаласының жүрегіне айналады.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Озчан: «Бәйтерек. Астана. Қазақстан. Президент елорданы экономикалық орталық етіп белгіледі. Өмірді шет елдерден іздемей, өз отаны ішінде құру керек» - деген пікір жазыпты.

Қазақстан шетелдіктер көзімен #1

Рубриканы жүргізуші: Айгүл ШЕРНИЯЗОВА, фото: Instagram

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға