Қазақстан Президенті Петербургтегі «Экспофорум» көрме орталығына келді

17.06.2022 18:20
2387
Қазақстан Президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін «Экспофорум» көрме орталығына келді, деп хабарлайды El.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Демалыс күндері 39 градусқа дейін ыстық болады
Келесі жаңалық
Астанада белсенді өмір сүру орталығы ашылды